АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда дүңгіршектерді тонаған қылмыскерлер ұсталды. Олар ұрланған заттарды пәтерде қоқыс қапшықтарына салып қойған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әуезов ауданының полиция қызметкерлері қылмыстық жолмен алынған заттар сақталған пәтерді анықтады.
Онда үш қыз және екі жас жігіт тұрған. Сұғанақтардың «Asia Park» сауда үйінде орналасқан бутиктерді тонағаны анықталды.
Олар пәтерлерінде көршілерден алған тістеуіктердің көмегімен ұрланған киімдердің магниттік жапсырмаларын жұлып тастаған.
Полицияның ақпаратына сәйкес, ұсталғандардың ең кішісі 19 жаста, үлкені 28-де. Алматыға еліміздің басқа аймақтарынан келген. Заттай айғақтары тәркіленді. Қазір күдіктілер қамауға алынды.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.