Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралды.
Қалалық ПД баспасөз қызметінен хабарлағандай, 28 жастағы «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ инспекторы мен оның 18 жастағы көмекшісі көлікті есепке қойып шығару процесін тездетуі үшін 32 мың теңге алған.
«Оларды криминалды полиция қызметкерлері бірнеше рет ұстаған. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, мұндай көмекшілернің саны азаяр емес. Соны азайту мақсатында ХҚКО ішінде арнайы видео трансляция жүргізіледі, жадынама таратылады»,- деді ПД өкілі Берік Әбілбеков.
Ұсталғандар ҚР ҚК 247-бабының 1-тармағымен қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.