АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жарылған ыстық су құбыры, автотұрақта тұрған 10-нан астам көлікті зақымдады. Төтенше жағдай болған жерде хаттама толтырып жатқан полиция қызметкерлері осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мұның алдында «Алматы жылу желілері» ЖШС бүлінген көлік иелеріне заңға сәйкес компания есебінен өтемақы төленетінін айтқан еді.
Сондай-ақ, бұдан бұрын Райымбек даңғылының бойында орналасқан «Максима» сауда үйінің маңында жылу құбыры жарылғаны хабарланған. Қазір онда қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
Естеріңізге салайық, кеше Алматыда жылу құбыры жарылып, көшелерді ыстық су басты.
Кейін Алматы әкімдігі жылу желісінің жарылу себебін түсіндірді.
Сондай-ақ, әкімдік жарылған жылу құбыры қашан жөнделетінін айтты.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.