Онда алматылық жас натуралистер командасы бірінші орынды жеңіп алды. Оны Ресейдің «Школьная страна» газеті мен «Отчизна» ақпараттық порталы бірлесіп ұйымдастырған болатын. Байқаудың мақсаты - мұғалімдер, тәрбиешілер, оқушылар және олардың ата-аналары тартылған үздік бірлескен жобаларды анықтау, насихаттау және қолдау.
Бұл байқауда «Біздің өлке - Жетісу» жобасымен қатысқан Алматы қаласының Жас натуралистер стансасының өрендері «Өлкетану» аталымы бойынша үздік шықты. Оларға «Экологиялық өлкетану» үйірмесінің жетекшісі, әдіскер Елена Ударцева жетекшілік жасаған еді.
13:46, 23 Желтоқсан 2013
Алматылық жас натуралистер Ресейдегі халықаралық байқаудан жеңіспен оралды
АЛМАТЫ. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ресейдің Санкт-Петербор қаласында экология және өлкетану жобалары бойынша 13-17 желтоқсанда өткен «Бұлақтар» халықаралық байқауынан қазақстандықтар олжалы қайтты.