Әлішер Жұмақан велотректен әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазіргі таңда Гонконгта велотректен әлем кубогының екінші кезеңі өтіп жатыр.

Фото: ҚР ҰОК

Ерлер арасындағы «омниум» сайысында Қазақстан құрамасының өкілі Әлішер Жұмақан үздік ондыққа енді.

ҚР ҰОК мәліметінше, жарыс қорытындысы бойынша Жұмақан тоғызыншы орын алды.

Алтын жүлдені нидерландтық Филип Хейнен жеңіп алды. Екінші орынды жапониялық Кадзусигэ Кубоки иеленсе, британиялық Мэттью Босток қола медальға қол жеткізді.

Айта кетейік, шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы IA дивизиондағы үшінші ойынын Украинаға қарсы өткізеді.

Әлем кубогында бүгін қазақстандық екі боксшы шаршы алаңға шығады.