Алтын бағасының бір троя унциясы 4,9 мың доллардан асты

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы ақпан айында жеткізілетін алтын фьючерсінің бағасы Нью-Йорк тауар биржасының (Comex) сауда алаңында тарихи ең жоғары көрсеткішке жетіп, бір троя унциясы үшін 4,9 мың доллардан асты. Бұл туралы сауда алаңының деректеріне сілтеме жасап, ТАСС агенттігі хабарлады.

Фото: Pexels

Қымбат металдың бағасы бір троя унциясы үшін 4900,6 долларды құрады, бұл 1,3 пайызға өскенін көрсетеді. Ал 20:43-ке қарай алтын бағасы өсімін үдетіп, 4902 доллар деңгейіне жетті (+1,33%).

Сонымен қатар, 2026 жылғы наурызда жеткізілетін күміс фьючерсінің бағасы да айтарлықтай өсіп, бір троя унциясы үшін 96,26 долларды құрады (+3,91%). Осылайша, күміс бағасы да тарихи максимумын жаңартты.

Алтын бағасының рекордтық деңгейге жетуіне не әсер еткенін мына сілтемеден оқыңыз.

Алтын бағасы Гренландиядағы жағдайға байланысты күрт өсті.