Әмина Сейітжанова: келесі кезеңге өтуге бар күшімізді саламыз

ХАРБИН.KAZINFORM – Керлингтен Қазақстан құрамасының ойыншысы Әмина Сейітжанова Kazinform тілшісіне Қырғызстанға қарсы ойын қалай өткенін айтып берді.

Фото: Сали Сабиров/ҰОК

Спортшы ойын өте жақсы өткенін айтты.

– Бар күшімізді салдық деп ойлаймын. Бәрі ойдағыдай болды, жақсы нәтиже көрсеттік, - деді ол.

Сондай-ақ, отандасымыз келесі матч өте қиын болатынын жасырмады.

– Филиппинмен ойын өте қиын болайын деп түр. Біз үшін өте маңызды матч. Сол себепті Қырғызстанға қарағанда оларға екі есе күшімізді салу керек. Егер жеңіске жетсек, келесі кезеңге өтуге мүмкіндігіміз бар, - дейді Сейітжанова.

Айта кетерлігі, керлингтен Қазақстан құрамасы бүгін аралас жұптар арасындағы жарыста Қырғызстаннан басым түсіп, екінші жеңісіне қол жеткізді.

Төр матчтың қортындысында, Қазақстан құрамасы 2 жеңіс және 2 жеңіліс нәтижесімен В тобында үшінші орынға жайғасты. Ал Филиппин құрамасы 3 матчта жеңіске жетіп, екінші орында түр.

Олар осыған дейін отандастарымыз 5:11 есебімен Қытайға, 0:12 есебімен Кореяға жол беріп, 7:4 есебімен Қатарды жеңген болатын.

Айта кетейік, IX қысқы Азия ойындары 2025 жылдың 7-14 ақпаны аралығында Қытай Халық Республикасы Хэйлунцзян провинциясының Харбин қаласында өтеді. Спортшылар 11 спорт түрі бойынша 64 медаль жиынтығын сарапқа салады.