Қысқы Азиада: Керлингтен Қазақстан құрамасы Қатарды жеңді
ХАРБИН. KAZINFORM – Керлингтен Қазақстан құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Керлингтен аралас жұптар арасындағы топтық кезеңнің үшінші матчында Әмина Сейітжанова мен Азизбек Надирбаев Қатар құрамасымен сынға түсті.
8 кезеңнің қортындысында, отандастарымыз басымдылықты қолдан бермей, 7:4 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетерлігі, бұл Қазақстан құрамасының аралас жұптар арасындағы алғашқы жеңісі. Олар осыған дейін 5:11 есебімен Қытайға, 0:12 есебімен Кореяға жол берген еді.
Айта кетейік, IX қысқы Азия ойындары 2025 жылдың 7-14 ақпаны аралығында Қытай Халық Республикасы Хэйлунцзян провинциясының Харбин қаласында өтеді.
Спортшылар 11 спорт түрі бойынша 64 медаль жиынтығын сарапқа салады.