АСТАНА. KAZINFORM – 18 жас және одан кішілер арасында ITF әлемдік рейтингі жаңартылды. Қазақстандық жасөспірімдерден 17 жастағы Әмір Омарханов 18-ден 12-орынға көтерілді. Бұл – ұл балалар арасында Қазақстан теннисі тарихында ең үздік көрсеткіш.
Жасөспірімдерден тек Ирина Селютина 1997 жылы әлемнің 7-ракеткасы атанған болатын.
Күні бүгін Даниал Рахматуллаев 67-ден 65-ке орнықса, Виталий Зацепин – 125 (- 11), Ілияс Маратұлы – 145 (- 7), Заңғар Нұрланұлы 184-сатыда (- 3) тұр.
Қыздар арасында Асылжан Арыстанбекова 53-тен бірден 38-ге, Соня Жиенбаева 68-ден 45-ке жоғарыласа, Айя Нұпбай – 168 (- 5), Полина Слепцова – 212-орында (- 2) келеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингіде төртінші орнын сақтап қалғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ қазақстандық жас теннисшілер халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанды.
Қазақстандық Дмитрий Попко дүниежүзілік рейтингіде 16 сатыға жоғарылады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).