Анна Данилина Брисбен турнирінің жартылай финалына жолдама алды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 14-ракеткасы Анна Данилина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты.
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген А.Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге ширек финалда ресейліктер Екатерина Александрова – Мирра Андрееваның меселін қайырды.
Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп айқын басымдылық танытты – 6:1.
Екінші сетте де сол қарқынынан танған жоқ – 6:3.
Небәрі 51 минутқа созылған бәсекеде Данилина – Крунич 2 эйске қоса 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Александрова – Андреева 2 эйс, 1 брейктен аса алмады.
Анна Данилина – Александра Круничтің жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Брисбен турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған едік.
Анна Данилина Аустралиядағы жарыстың ширек финалына шықты.
Сондай-ақ Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 12-орынға көтерілді.