АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 24-ракеткасы Анна Данилина Ноттингем (Ұлыбритания) WTA 250 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген А. Данилина мен қытайлық Сюй Ифань жартылай финалда норвегиялық Ульрикке Эйкери – эстониялық Ингрид Нилмен шеберлік байқасты.
Финал жолдамасы сарапқа салынған матчта норвегиялық-эстониялық жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсекеде Данилина мен Ифань 2 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың екеуін өз есептеріне жазды. Қарсыластары 2 эйс, 4 брейкпен көзге түсті.
Live рейтингісінде 59-дан 53-орынға көтеріліп тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Ноттингем турнирінің жартылай финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.
Бейбіт Жұқаев Пуэрто-Рикодағы турнирдің жартылай финалына шықты.
Бүгін Қазақстанның 1-ракеткалары Рыбакина мен Бубликтің туған күні.
Александр Недовесов Нидерландтағы турнирдің финалында жеңіліп қалды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).