Hatfield деп аталатын компьютер 1976 жылы, яғни Apple компаниясы құрылған жылы шығарылған. Құрылғы әлі де жұмыс істейді. Оның баспа тақшасында компанияның негізін қалаушылардың бірі Стив Возняктың қолтаңбасы сақталған.
Компьютермен бірге жаңа иесіне Стив Джобстың 1978 жылғы қаңтарда жазған хаты да табысталды. Хатта Джобс құрылғының алғашқы иесі Фред Хэтфилдке Apple-1 компьютерін 4 килобайт жады бар жаңа Apple II моделінің тақшасына айырбастауды ұсынған. Алайда Хэтфилд бұл ұсыныстан бас тартып, компьютерді сақтап қалған. Арада ондаған жыл өткен соң, ол құнды тарихи жәдігерге айналды.
Apple-1 компанияның алғашқы өнімі болды. Ол құрастырылған баспа тақшасы түрінде сатылған. Сатып алушы оған пернетақта мен мониторды өзі жалғауы керек еді.
Apple-1 компьютерлерінің тізіліміне сәйкес, бұл модельдің 94 данасының бар екені расталған. Bonhams аукцион үйінің бағалауынша, қазір әлемде осындай компьютерлердің 75 данасына жетпейтіні сақталған. Ал олардың ішінде әлі де жұмыс істеп тұрғандары одан да аз.
Аукцион басталғанға дейін Hatfield компьютерінің құны 500–800 мың доллар аралығында бағаланған.
Еске сала кетейік, Apple қайтадан әлемдегі ең қымбат компания атанды.