Аптап ыстыққа байланысты Өзбекстанда пойыздардың жылдамдығы төмендейді

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстанда аптап ыстыққа байлынысты пойыздардың жүру жылдамдығына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.

Фото: Өзбекстанның Көлік министрлігі

- Ауа температурасы жоғары болған кезде теміржол рельстері мен олардың болат бөліктері қызады. Жолаушылар мен пойыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жылжымалы құрамның қозғалыс жылдамдығына шектеулер енгізіледі, - делінген Temiryo‘lekspress компаниясы тартқан хабарламада.

Осыған байланысты компания пойыздардың кешігуі мүмкін екенін ескертті.

Айта кетейік, кейінгі бірнеше күн қатарынан Өзбекстанда аптап ыстық жүріп жатыр. Орташа температура 44... 46 градус болса, кейбір өңірлерде 48 градустан жоғары.

Еске салсақ, аптап ыстыққа байланысты Өзбекстанның бірқатар облысындағы балабақшалар уақытша жабылды.