— Баладжар станциясынан Арменияға 479 тонна дизель отыны тиелген 8 вагон жөнелтілді. Бүгінгі күнге дейін Әзербайжаннан Арменияға жалпы көлемі 8500 тонна дизель отыны, 979 тонна АИ-92 бензині және 2955 тонна АИ-95 бензині жіберілді, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Ресейден Арменияға Әзербайжан аумағы арқылы 27 мың тонна астық, 4 мың тонна тыңайтқыш, 133 тонна алюминий және 68 тонна қарақұмық жеткізілгені хабарланды.
Бұдан бұрын қаңтар айында Әзербайжан Арменияға мұнай өнімдерінің тағы бір партиясын жіберген еді.
Сонымен қатар, өткен жылдың қараша айында Әзербайжан арқылы транзитпен өтетін қазақстандық бидай тиеген алғашқы пойыз Арменияның Айрум станциясына жеткені белгілі болды.