Әзербайжан Арменияға мұнай өнімдерінің тағы бір партиясын жіберді

АСТАНА. KAZINFORM — 18 вагоннан тұратын пойыз Арменияға Грузия арқылы жеткізіледі, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Азербайджан отправил в Армению очередную партию нефтепродуктов
Фото: Видеодан скрин

Хабарламаға сәйкес, 11 қаңтарда Биладжары станциясынан Боюк Кесик бағытында 979 тонна АИ-92 бензині тиелген 18 вагоннан тұратын пойыз жолға шықты. Жүк Арменияға Грузия арқылы жеткізіледі.

Бұған дейін, 9 қаңтарда Арменияға 2698 тонна мұнай өнімі (48 вагон) жіберілген болатын, оның ішінде 1742 тонна АИ-95 бензині және 956 тонна дизель отыны бар.

2025 жылдың 18 желтоқсанында елге 1220 тонна АИ-95 бензині жеткізілді.

28 қарашада Габалада Әзербайжан мен Арменияның вице-премьер-министрлері Шахин Мустафаев пен Мгер Григорянның кездесуінен кейін отын жеткізу туралы келісімге қол жеткізілді.

Сонымен қатар, қараша айында Әзербайжан арқылы транзитпен өтетін қазақстандық бидай тиеген алғашқы пойыз Арменияның Айрум станциясына жеткені белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар