АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, 21 жастағы Аружан Сағындықова жұптық сында Ахмедабад (Үндістан) ITF W15 турнирінің финалында ойнады.
Қазақстандық теннисші ресейлік Мария Головинамен бірге финалда доданың 1-ракеткалары, жапониялықтар Мана Кавамура – Хонока Кобаясимен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп 6:3 есебімен басымдылық танытты. Аружан мен Мария екінші сетте есесін жібермеді - 6:2. Осылайша, Аружан Сағындықова жаңа жылдағы алғашқы титулына қол жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Брисбен турнирін жеңіспен бастағанын жазған едік.
Сондай-ақ Аружан Сағындықова Үндістандағы турнирдің финалында өнер көрсетеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).