АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, 21 жастағы Аружан Сағындықова жұптық сында Ахмедабад (Үндістан) ITF W15 турнирінің финалына жолдама алды.
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген А.Сағындықова ресейлік Мария Головинамен бірге жартылай финалда үндістандықтар Иенси Дипакай Канабар - Ангел Пателмен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда Аружан мен Мария 6:4 есебімен басым түсті.
Екінші сетте қарқынын үдете түсті - 6:1.
Қазақстандық-ресейлік дуэттің финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аружан Сағындықованың Үндістандағы жарыстың жартылай финалына өткенін жазған едік.
Сондай-ақ Брисбен турнирінде Юлия Путинцеваның қарсыласы анықталды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).