НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысындағы Арыс қаласынан бір жыл ішінде шамамен 380 мың оқ-дәрі шығарылды. Оның 300 мыңға жуығы жарылу қаупі бар оқ-дәрігер. Бұл туралы бүгін ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жарылу қаупі бар фрагменттерді тасымалдау үшін автомобильдермен 5 мыңнан астам рейс орындалды. Ал, бұл тек бір жүк көлігі ғана емес. Әскери ғылым ережесіне сәйкес, оқ-дәрілерді қорғау және оған ілесіп жүру жұмыстарын әскери қарулы қарауылдар мен әскери полиция күштері жүзеге асырады», - деді ол.
Генерал-майор төтенше жағдай орын алғанға дейін де оқ-дәрілерді бытыратып орналастыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілгенін айтады.
«Бұл ретте, өз өмірлерін қауіп-қатерге тіге отырып, борыштарын жоғары кәсіби деңгейде атқарған әскери қызметшілердің батырлығын атап өтпесем болмайды. Сондықтан да, ондаған әскери қызметші наградаларға ұсынылды», - деді Бақыт Құрманбаев.
Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында 2019 жылы 24 маусым күні таңертең
жарылыс болды. Салдарынан
үш адам қаза тапты - Арыс
тұрғыны мен екі
әскери қызметші. 170-ке жуық адам
зардап шекті. 20-ға жуық үй, 9 қора-қопсы
жанып, далалы аумақта 14 ошақ тұтанды. Үй-жайлар мен ғимараттардың 80-90 пайызына әртүрлі деңгейде
зақым келді.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.