ІІМ дерегінше, олар әдемі фотосуреттерді пайдаланып, алдын ала төлем жасауды талап етеді. Ақша аударылғаннан кейін «сатушылар» байланысты бірден үзеді.
Полиция ескертеді:
- Белгісіз немесе жаңадан ашылған парақшалардан тауар сатып алмаңыз;
- Алдын ала төлем жасаудан, әсіресе жеке банктік карталарға ақша аударудан бас тартыңыз;
- Пікірлерді, жарияланымдарды және аккаунттың тіркелген күнін мұқият тексеріңіз;
- Нақты мекенжай мен байланыс нөмірінің бар-жоғын анықтаңыз;
- Өте төмен баға немесе төлемді жедел жасауға шақыратын ұсыныстарға сақтықпен қараңыз;
- Күмән пайда болса, сатып алудан бас тартқан жөн.
Алаяқтар мерекелік әуре-сарсаң мен азаматтардың үнемдеуге деген ұмтылысын пайдаланады. Сондықтан ақшаны алаяқтардан сақтаудың ең тиімді жолы — мұқият болу.
Айта кетейік, Мәжіліс қарауына телефон алаяқтарына тосқауыл қоюға арналған құжат келіп түсті.