Ақтөбе облыстық ІІД алаяқтарға алданған ақтөбеліктерді мысалға келтіріп, интернет арқылы тапсырыс берген кезде немесе тауар сатып алғанда абай болуға шақырды. Тауар бағасын арзандатып немесе тиімді бизнес ұсынып жатқандар Ресейде отырып, ақтөбеліктерді тонап жатыр.
«Екінші деңгелі банк арқылы ақша аударылған соң сатушылар байланысты үзіп, із-түзсіз кетеді. Ал ақтөбеліктер тауарын тосып жүр. Олар жүздеген мың теңгесін жоғалтты. Сонымен қатар, инвестор болып, пайда табуды ұсынғандарға да алданғандар бар. Шетел валютасымен ақша аударуды сұрап, кейін жоғалып кеткен. Ақша Ресейге аударылды. Мәселен, екі ақтөбелік инвестор болып, баю үшін 11 мың доллар ақшасын ауданып жіберді. Сату-сатып алу кезінде абай болу қажет екенін ескертеміз. Алдын ала ақша аударуға болмайды»,- деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Бейтаныс адамға банк есепшотының нөмірін беруге болмайды. Ақша аударып, алданып қалғанын сезген адам бірден ішкі істер органдарына хабар беруі тиіс.
«Таяуда 54 жастағы ақтөбелік алданып қалды. Белгісіз адам «автобус сатып алып беремін» деп ақтөбеліктің есепшотындағы 8,1 мың долларын алып кеткен. Қазіргі уақытта алаяқтық жасағандардың ісі тергеліп жатыр»,- деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.