Асхат Аймағамбетов Қазақстан ғылымына баға берді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстандағы ғылым деңгейіне баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен төрт дегенбаға берер едім. Бұл «жақсы» деген мағына. Он балдық шкаламен 7 немесе 8шығар», - деді Асхат Аймағамбетов Нұр-Сұлтанда «Burabay Forum» жас ғалымдарфорумының ашылуында тілшілерге берген сұхбатында.

Министр ғылымисаладағы мәселелер жөнінде әңгімеледі.

«Ғылым жүйесіндамытуды көптеген адам сынға алды. Ең алдымен, қаржыландыру жүйесі, екіншіден –ғылымды басқару мәселелері. Қазіргі уақытта ЖІӨ 0,12% ғана ғылымға жұмсалады.Бұл – өте аз. Сонымен бірге, ғылымды басқару мен қаржыландырудың әділ,ашық,баршаға түсінікті жүйесі болмаса, бөлінген қаражат тиімсіз жұмсалады. Жүйеніңөзі тиімді болуы үшін бізге бірқатар шешім қабылдау қажет», - деді АсхатАймағамбетов.

Бұған дейін министрҚР БҒМ жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің алғашқы отырысы өтетінін мәлімдеген еді.


Соңғы жаңалықтар