АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Қазір денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген ақтөбелік ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 25 қазан күні болды. Ақтөбе қаласының жұмыссыз тұрғыны ашуға бой алдырып, «Гром» жан-жануарды қорқытуға арналған пиротехникалық құралмен алдында тұрған адамды атып жіберген.
«Салдарынан ауыл тұрғының беті жараланды. Қазір осы оқиға бойынша сараптама тағайындалып, сот алды тергеу басталды. Қылмыстық кодекстің 107 бабы, 1 бөлімі бойынша іс қозғалды. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.