- Қазір әскери бөлімдерде бейнебақылау камералары орнатылған. Олар жеке құрамның жатын жайларында, кезекшілер отыратын жерде, қару-жарақ қоймаларында және жеке құрам көп шоғырланатын жерлерде қойылған. Әрине, бейнебақылау камераларының саны жеткіліксіз. Бұл бағытта бөлім командирлері тиісті жұмысты істеп жатыр. Әскери бөлімдердегі бейнебақылау камераларының көмегі арқылы құқық бұзушылықтың 70-80% анықталады, - деді Қуаныш Үштаев орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, сарбаздар жүретін барлық жерде бейнебақылау камерасын орнату мүмкін емес.
Айта кетсек, бір апта бұрын Сарыөзекте (Жетісу облысы) қатардағы жауынгер оқу-жаттығу кезінде мерт болды.
Бұған дейін әскерде сарбаздардан ақша жинау мәселесі туралы жазған болатынбыз.