FlyArystan әуе компаниясы жолаушыларға жол жағдайын алдын ала тексеріп, кептелістерді ескеріп, әуежайға жету уақытын жоспарлауды ескертті.
Компанияның мәліметінше, жолаушылар әуежайға:
ішкі рейстер үшін — ұшуға дейін кемінде 2 сағат бұрын;
халықаралық рейстер үшін — ұшуға дейін кемінде 3 сағат бұрын келуі қажет.
Компания әуежайға уақытылы жету жолаушының жеке жауапкершілігінде екенін еске салды.
Еске салайық, бұған дейін бүгін, 2026 жылғы 29 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатында сөз сөйлейтінін хабарлағанбыз.
Сондай-ақ «Болашақ ойындары – 2026» турниріне қатысу үшін Астанаға мәртебелі қонақтар келіп жатқанын жазған едік.