– 14 мамырда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы қаласында, түнде Астана, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау қалаларында күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Алматыда ауаны ластаған автопарктер 13 млн теңге айыппұл төледі.
Ал радиоактивті қалдықтарды басқаруға арналған жаңа заң қандай өзгерістерді қамтитынын мына сілтемеден оқи аласыз. Заңның негізгі мақсаты – радиоактивті қалдықтарды басқарудағы құқықтық тетіктерді жетілдіріп, радиациялық және экологиялық қауіпсіздік талаптарын күшейту.