— 16 мамырда Алматы, Қарағанды, Теміртау қалаларында, түнде Астана қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бұған дейін Ақтау қаласының тұрғындары әлеуметтік желілерде қалада күкіртсутектің өткір иісі сезілгеніне шағымданды. Осыған орай, тексеру жүргізген мамандар күкіртсутек концентрациясының нормадан асып кеткенін хабарлады.
Айта кетейік, ертең Атырауда аптап ыстық, ал Семейде үсік болады.