Ерлер арасында M15 турнирінде Даниял Рахматуллаев пен Дамир Жалғасбай соңғы бәсекеге жолдама алды.
Қазақстандық дуэт жартылай финалда жапониялықтар Ю Танака –Саки Тангэні 6:3, 6:4 есебімен тізе бүктірді.
Д.Рахматуллаев – Д.Жалғасбай финалда жарыстың 1-ракеткалары, жапониялықтар Сора Фукуда – Сюнсукэ Мицуимен чемпиондық атақты сарапқа салады.
Әйелдер арасында W15 додасында жұптық сында Аружан Сағындықова ресейлік Дарья Зелинскаямен бірге жартылай финалда тартысты бәсекеде турнирдің 1-ракеткалары, оңтүстіккореялықтар Хирэ Им – Ынчэ Кимді камбэкпен жолдан тайдырды – 1:6, 6:4, 10:3.
А.Сағындықова – Д.Зелинская финалда екінші ракетка болып тіркелген жапониялықтар Юка Хосоки – Киса Ёсиокамен шеберлік таластырады. Бұл жапониялық жұп жартылай финалда қазақстандықтар Еркежан Арыстанбекова – Жанель Рүстемованы қапы қалдырды – 6:4, 6:2.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Испаниядағы жарыстың жартылай финалында ойнайтынын жазған едік.
Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды.
Сондай-ақ үш қазақстандық теннисші Астана турнирінің жартылай финалына жолдама алды.