Олардың 35-і инженерлік-техникалық, 23-і ақпараттық технологиялар, 27-сі педагогикалық мамандықтар бойынша білім алады.
-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға ерекше мән беріп келеді. Қазір жастардың осы кәсіптерге қызығушылығы артып, еңбек нарығында білікті жұмысшы мамандарға сұраныс күшейіп отыр. Сонымен қатар Мемлекет басшысы 2027 жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялады. Осыған байланысты құрылыс саласы үшін білікті кадр даярлауда колледждердің маңызы арта түседі. Мұндай мамандар білім беру инфрақұрылымын дамытуға да қажет,-делінген хабарламада.
Байқаудың 100 жеңімпазының 35-і құрылыс, электромеханика, технологиялық процестерді автоматтандыру, электр жабдықтары, токарлық іс және интерьер дизайны бағыттарында оқиды.
Тағы 23 студент ақпараттық технологиялар, 27 студент педагогикалық мамандықтарды меңгеріп жүр. Қалған 15 жеңімпаз ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету, медицина және өнер салаларында білім алады.
Марапаттау рәсіміне Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Құрылтай депутаттары Айжан Наимбекова, Нұргүл Тау, Ирина Тен және Дидарбек Ділдәбек, сондай-ақ білім беру саласының өкілдері қатысты. Студенттер кәсіби жетістіктері мен қоғамдық белсенділігі үшін марапатталды. Арнайы номинациялар бойынша да жеңімпаздар анықталды.
Бұдан бөлек, студенттер өз колледждері мен өңірлерін дамытуға арналған инновациялық, әлеуметтік және кәсіби жобаларын таныстырды. Қатысушыларға практикалық шеберлік сабақтары мен тренингтер ұйымдастырылды.
Іс-шараға KidsGo Technology Ltd, «1С Қазақстан», «Комек машинери Казахстан» ЖШС, Samruk Business Academy, DOSTI және CAES (Central Asian Educational Solutions) қолдау көрсетті.
Осыған дейін елімізде құрылыс мамандықтары бойынша жыл сайын 3 мыңнан астам түлек даярланатыны туралы жаздық.