«Құрбан айт мерекесіне байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін 28 маусым күні қоғамдық көлік таңғы сағат 05:00-ден қатынай бастайды.
Ал 29 маусымда автобустар әдеттегі қозғалыс кестесі бойынша жүреді», - делінген мәліметте.
Еске салайық, бұған дейін Астанада құрбандық шалуға болатын орындар анықталғаны туралы жазған болатынбыз.
Орналасқан мекенжайлары:
«Жайлау» базары, Алаш тас жолы, С-313 көшесі («Шарын» базарының арты);
«Шанхай» базары, Алаш тасжолы, 34/6 («Көк базар» базарының арты);
«Шопан ата» базары, (Рубиком және Әмір базарының ортасы);
«Баракат» базары, А-369 көшесі, №10 ғимарат;
«Ұлжан» әмбебап базары, Н. Тілендиев көшесі, 24 (бұрынғы «Саянұр» базары).