Оның айтуынша, 2026 жылы қасиетті Құрбан айт мерекесі 27-29 мамыр аралығында өтеді. 27 мамыр күні сағат 06:00–де қала мешіттерінде айт намазы оқылып, одан кейін арнайы белгіленген орындарда құрбан шалу рәсімі басталады.
— Астана қаласында бекітілген орындарда құрбан шалу рәсімі күн сайын сағат 07:00–ден 18:00–ге дейін жүргізіледі, — деді Мұхамғали Арыспаев.
Оның мәліметінше, елордада құрбан шалу үшін бес ресми орын белгіленген:
— «Байқоңыр» ауданында — «Шанхай», «Баракат», «Жайлау» базарларының аумағында және «Шаушен» шаруа қожалығында ұйымдастырылады;
— Алматы ауданында құрбан шалу «Железнодорожный» тұрғын алабындағы «Ет-Хан» ет өңдеу цехының аумағында өткізіледі.
Қазіргі таңда Астана қаласының әкімдігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен және тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, мереке күндері санитариялық талаптар мен өзге де нормалардың сақталуын қамтамасыз ету үшін дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бұған дейін Бас мүфти кәсіпкерлерді Құрбан айт қарсаңында мал бағасын көтермеуге шақырды.
Камила Тайтөлеу