— Аталған оқиғадан кейін өзіне қол салу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қазір тиісті сараптамалар басталды, — деді Санжар Әділов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 24 қарашада Астанада өзен бойынан жасөспірім қыздың денесі табылды.
Полицияның мәліметінше, 24 қарашада сағат 21:00 шамасында елорда тұрғыны қызының жоғалып кеткені туралы құқық қорғау органдарына хабарлаған. Ол қыздың сағат 18:30–да үйден шығып кеткенін және байланыста болмағанын айтқан.