АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Президент кубогы үшін ATP Challenger Tour турнирінің жеңімпаздары анықталды.
Жекелей сында әлемнің 356-ракеткасы, болгариялық Димитар Кузманов пен дүниежүзілік рейтингіде 533-орында тұрған грузиялық Саба Пурцеладзе чемпиондық атақ үшін таласты.
Бір сағат 28 минутқа созылған матчта болгариялық теннисші 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ол 5 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Грузиялық спортшы 6 эйс, 2 брейкпен (8 брейк-пойнт) ерекшеленді.
Жұптық сында финалда өзбекстандық Денис Истомин – ресейлік Евгений Карловскийді 6:4, 6:3 есебімен жеңген ресейліктер Егор Агафонов – Илья Симакин үздік шықты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Президент кубогінде Әмір Омархановты ұтқан теннисшінің финалға шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ теннисші Жібек Құламбаева Прага турнирін сәтті бастады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).