АСТАНА.KAZINFORM — 21 сәуірде Астана қаласындағы тұрғын үй кешенінің ауласынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің мәйіті табылды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті.
— Полиция органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Болған оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары жол апатынан қаза болғанын жазған едік.
Кеше сондай-ақ, Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасалғаны белгілі болды.
Бақытгүл Абайқызы
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)