Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

АСТАНА.KAZINFORM – Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев Әзербайжанда өткен UFC Baku турнирінде қарсыласын жеңді.

Фото: instagram.com/ufc

Ол америкалық Чарльз Джонсонмен (19-8) жекпе-жек өткізді. Үш раундқа жоспарланған айқастың үшінші раундында қарсыласының аяғына ауырту әдісін жасап, мерзімінен бұрын жеңді.

Осылайша, Асу Алмабаев ММА бойынша кәсіби мансабындағы 24-жеңісіне қол жеткізіп отыр.

Асу Алмабаев UFC рейтингінде екі сатыға жоғарлағанын жазған едік.

Асу Алмабаев UFC-дің үздік бестігіне енуі мүмкін.