Асу Алмабаев UFC рейтингінде екі сатыға жоғарлады

АСТАНА. KAZINFORM – Абсолют төбелес чемпионаты (Ultimate Fighting Championship/UFC) Лас-Вегас қаласында (Невада, АҚШ) өткен UFC 326 турнирінен кейін барлық салмақтағы жаңартылған рейтингіні жариялады.

асу алмабаев
Фото: UFC/Instagram

Ең жеңіл салмақта шаршы алаңға шығып жүрген қазақстандық Асу Алмабаев (23-3-0) жаңартылған рейтингінде екі сатыға жоғарлап, 7-орыннан көрінді.

Бұл салмақта әлем чемпионы белдігі америкалық Джошуа Ванның (16-2-0) қолында. Ал Алмабаевты жеңген португалиялық файтер Манель Капе (22-7-0) екінші орынға жайғасты. Жапониялық Тацуро Таира үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетерлігі, қазақстандық файтер 1 наурыз күні мексикадағы UFC Fight Night 269 турнирінде әлемнің экс-чемпионы Брэндон Мореномен (23-10-2) айқасуы керек болған еді.

Алайда Асу Алмабаев жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартса, Брэндон Морено англиялық Лонер Каванадан (10-1-0) жеңіліс тапты. Сол себепті қазақстандық спортшы осыған дейін рейтингіде 9-орынға түсіп қалған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум