«Бүгінгі күндегі аузына түкірту, бұл инфекция тарату, тазалыққа жатпайды. Әр адамның өзіне тән иісі, гигиенасы болады әрі ол тазалық деңгейіне қарай өрбиді. Ал, енді оны үп еткен желге ауырып қалатын кішкене балаға апарып жағу, қаншалықты дұрыс ой, қалай ойлайсыздар?» дей келе баланы «парасатты жандардың алдына апарып, батасын алып, сосын маңдайынан сүйдіртіп, сүф деген лебін алатынын» жеткізді.
Бүгінде қонақтан сарқыт алу дәстүрінің де әдепсіздікке айналғанын сынады. Қазақтың дін мен дәстүрді тең ұстаған ырым-тыйымдардың қасиетін жоймауға шақырды. Бабалардың ізгі ниетін, жолын, үрдісін жаман ырымға айналдырып алмауымыз қажет дегенді баса айтты.