Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сарышаян шаққан еріктіге шұғыл көмек көрсетілген.
«Сарышаян еріктінің сол қолын шағып алды. Еріктіге Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушы-дәрігерлері шұғыл көмек көрсетті. Зардап шегуші жедел жәрдем көлігімен Атырау қаласындағы ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында су тасқынына дайындық қалай жүргізілгенін хабарлаған болатынбыз.
Сондай-ақ, Махамбет ауданында Жайық өзенінің деңгейі 8 метрден асты.