Мәселен, Индер ауданында кеше, 2 мамырда таңертеңгі сағат 08:00-де өзен арнасының суы 750 сантиметр болған еді. Ал, бүгін, 3 мамырда 788 сантиметрге жетті. Осылайша, бір тәулікте Жайық өзені 38 сантиметрге көбейген.
Махамбет ауданында 2 мамыр күні таңертең Жайықтың суы 795 сантиметр деңгейінде болатын. Сол күні кешкі сағат 20:00-де 8 метрден асып кетті. Бір тәуліктің ішінде бұл аудандағы судың көтерілу көрсеткіші 17 сантиметрді құраған. Бүгін, 3 мамырда су деңгейі 812 сантиметрге жетті.
Атырау қаласында да Жайық өзенінің суы көтеріліп тұр. Кеше таңғы уақыттан бері су айдыны 12 сантиметрге ұлғайды. Қазір мұнайлы шаһардағы өзен арнасының деңгейі 471 сантиметрді құрады.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында су тасқынына дайындық қалай жүргізілгенін жазған болатынбыз.
Кеше сағат 20:00-де Махамбет ауданында Жайық өзенінің деңгейі 8 метрден асып кетті.