Желі қолданушылары Жылыой ауданында байқалған әскери техникаларға қатысты түрлі жазбалар жариялап, алаңдаушылық білдірген.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі ресми түсініктеме беріп, алаңдауға негіз жоқ екенін мәлімдеді.
— Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің, соның ішінде теміржол көлігі арқылы орын ауыстыруы жауынгерлік даярлық іс-шаралары аясында жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта бөлімшелердің мобильділігін арттыру, өзара үйлесімділігін жетілдіру және белгіленген міндеттерді орындауға дайындығын арттыру, соның ішінде бірқатар маңызды нысандар мен аудандарды қорғау мәселелері пысықталуда, — деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Министрліктің берген ақпаратына сүйенсек, мұндай іс-шаралар Қарулы Күштердің жауынгерлік даярлығының бір бөлігі болып саналады және бекітілген жоспарға сәйкес тұрақты түрде өткізіледі.
Бұған дейін Атырауда әскери қызметші қаза тапқанын жазған едік.