Қалалық әкімдіктің ақпаратына сүйенсек, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған үйлердің барлығы жылыту маусымына дайын. Оларға жылу кезең-кезеңімен беріледі.
Ал автономды жылыту жүйесі бар тұрғын үйлерде дайындық жұмысы жалғасып жатыр.
«Абырой» тұрғын үй кешеніне резервтік қазандық жеткізілген. Қазір оны іске қосу бойынша жұмыс жүріп жатыр.
Еске салайық, биыл қала билігі жеке тұрғын үй кешендерінің бірқатарындағы жылыту орталықтарын мемлекет меншігіне алуға кірісті.
Айта кетейік, Атырауда жылумен жабдықтау тарифі 5 қазаннан бастап 5 пайызға өсті. Тұрғындар үшін 1 Гкал жылу құны 5 347,79 теңгеден 5 615,18 теңгеге дейін қымбаттады.