– Қолайсыз ауа райы салдарынан тас жолдарда уақытша қозғалыс шектеулері енгізілуіне байланысты ҚТЖ өңірлер арасындағы көлік қатынасының қолжетімділігін қамтамасыз ету және жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру мақсатында қала маңындағы пойыздарды тағайындады, - делінген хабарламада.
Көкшетау, Бурабай курорты, Макинка және Ақкөл станцияларынан Астана станциясына дейін жолаушыларды отырғызу үшін төмендегі пойыздар қатынайды:
— № 6830 «Көкшетау – Астана»;
— № 7508 «Көкшетау – Астана».
Қолайсыз ауа райы жағдайында теміржол көлігі ең сенімді әрі қауіпсіз қатынас түрлерінің бірі болып қала береді. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдап, азаматтарды сапарларын жоспарлау кезінде ауа райы жағдайларын ескеруге шақырды.
Айта кетейік, ауа райына байланысты ШҚО-да жол жабылды.
6 қаңтар сағат 15:00-де ауа райының бұзылуына байланысты үш өңірдегі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлеріне шектеу қойылды.