АСТАНА. KAZINFORM – Ауғанстан аумағында магнитудасы 5,7 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Өзбекстан ТЖМ Сейсмопрогностикалық мониторинг орталығы хабарлады.
Зілзала 27 тамыз күні сағат 18:27-де (Ташкент уақытымен) Бадахшан аймағында орын алған.
Эпицентрдегі жер асты дүмпулері 3 балға жеткен.
Жер сілкінісі Өзбекстанның жеті өңірінде және Ташкент қаласында да 2 балдық деңгейде сезілген.
Ал Сурхандария облысының шекаралық аймақтарында 2–3 балға дейін жеткені анықталды.
Қазіргі уақытта қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Айта кетейік, кеше Қырғызстанда жер сілкінген.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.