Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Алматы қаласынан 1079 км оңтүстік-батыста, Ауғанстан аумағында орналасқан.
Эпицентр координаттары: солтүстік ендік 36.843º, шығыс бойлық 67.364º. Тереңдігі - 120 км.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 14.2. MPV магнитудасы - 6.2.
Есептік қарқындылығы (баллмен):
Шымкент қаласында — 2 балл;
Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент ауылы — 2 балл, 437 км;
Түркістан облысы Жетісай ауданы Жетісай қ. — 2 балл, 446 км;
Түркістан облысы Шардара ауданы Шардара қ. — 2 балл, 493 км.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
Айта кетсек, Түркия мен Армения шекарасында жер сілкінісі болды. Содан кейін Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында да жерасты дүмпуі тіркелді.