Отандасымыз 800 метрге жүгіру сайысында ел намысын қорғады. ҚР ҰОК мәліметінше, Аяна ақтық сында 2:11.35 уақыт көрсеткішімен алтыншы орынға табан тіреді.
Алтын медальді өзбекстандық Джонбиби Хукмова жеңіп алды - 2:08.41. Екінші орынға Куруми Сугурэ (Жапония) ие болды - 2:09.42. Үндістандық Бхумешвори Деви Хуйдром үздік үштікті түйіндеді - 2:10.20.
Қазақстандық екі жеңіл атлет жастар арасында Азия чемпионатының финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Жеңіл атлет Анастасия Рыпакова жастар арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Қазақстандық теннисшілер Астана турнирінің финалына шықты.