Айдана Убайдуллақызы – Азия чемпионы

АСТАНА.KAZINFORM - Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр.

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

U19 санаты бойынша 80 келідегі Айдана Убайдуллақызы шешуші сында Үндістан боксшысы Мега Шеокандпен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Камила Оспанова Өзбекстан боксшысын жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Отандасымыз ақтық сында әлем чемпионы, Өзбекстан боксшысы Мафтуна Янгиевамен жұдырықтасып, 3-раундтың қорытындысы бойынша 3:2 есебімен басым түсті.

Сонымен қатар Зарина Толыбай бокстан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

U19 санаты бойынша 80 келідегі Зарина Толыбай финалда Үндістан спортшысы Пречи Токаспен күш сынасып, төрешілердің бірауыз шешімімен (5:0) басым түсті.