Бақтыбай Қанат теңге ілуден VI Көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанды

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ұлттық спорттың бірі – теңге ілу сайысынан Қазақстан спортшысы Бақтыбай Қанат жеңімпаз атанды

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Еске салсақ Астаналық мерген Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында күміс алған еді. Сонымен қатар VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен 60 келі салмақта сынға түскен қазақстандық спортшы Ернұр Сүлеймен жеңімпаз атанды

Айта кетелік әлемнің 113 елінен 3000 спортшы қатысып жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының додасы тартысты ойындармен, жарқын жеңістермен, жаңа рекордтармен толыға түсті. Қазақстан құрамасы ойындардың үшінші күнінде 12 алтын, 7 күміс, 5 қола медаль жеңіп алған еді