Желідегі жазбаға қарағанда, төбелес балабақшада екі әйелдің кикілжіңінен туындаған.
- Жанжал шығарған тараптар полицияға дене жарақаты туралы арыз берді. Аталған факті бойынша тексеру жүріп жатыр, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ елорда полициясынан тексерудің нәтижесі бойынша шешім қабылданатыны айтылды.
Бұған дейін Атырауда мейрамханада мемлекеттік қызметкерлердің төбелескені туралы хабарлаған едік. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ жаңа жыл түні Алматыда төбелес болып, полиция бұзақылық бабы бойынша іс қозғады.