Алайда, ІІМ бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.
- Қоғамда дүрбелең немесе басқа да жағымсыз салдарды тудыруы мүмкін көрінеу жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын есте ұстау қажет.
Хабарламаларды таратпастан бұрын барлығын мұқият тексеріп алған жөн, - деп ескертті ІІМ баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар полиция ата-аналарға балаларына түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызды екенін еске салады.
Бұған дейін тұрғын үйлердің кіреберістерінде қауіпті QR-кодтары бар хабарландырулар ілінгені де фейк болып шыққан.