Балқаш даласында жоғалып кеткен ер адам құтқарылды

АСТАНА. KAZINFORM — Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында құтқарушылар жоғалып кеткен ер адамды іздестіру жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Видеодан скрин

Белгілі болғандай, 1982 жылы туған ер адам күндіз қыстаудан Балқаш қаласына қарай жаяу шығып, жолда бағдарынан адасып кеткен.

Іздестіру жұмыстары барысында ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жоғалған азаматпен байланысқа шығып, одан өзінің нақты орналасқан жерінің геолокациясын алды. Құтқарушылар көрсетілген координаттар бойынша орналасқан жерін анықтап, «Ақбұзат» қыстауынан солтүстікке қарай 10 шақырым жерден ер адамды тапты.

Ер адам Балқаш қаласына жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады.

Бұған дейін Алматыда құтқарушылар тауда аяғын жарақаттап алған қызға көмек көрсеткен болатын.