Алматыда кешкі кептелістің болуы қалыпты жағдайға айналды. Алайда бүгін мегаполис көшелеріндегі көлік қозғалысы тіпті қиындаған. 2GIS картасының мәліметіне сәйкес, қалада кептеліс деңгейі 10 балл болды. Қаланың барлық негізгі көшелері «қызыл» және тіпті «қою қызыл» түспен боялған.
Айта кетейік, алмалықтар тек жол үстінде емес, қоғамдық көлік пен метрода адамдардың кептелісі болып жатқанын әлеуметтік желіде жазып жатыр.
Бірнеше күн бұрын Алматыда жауын-шашын салдарынан LRT құрылысы жүріп жатқан көшелерде жол ойылды. Тұрғындар осы себепті көшеде кептеліс пайда болып, автобустардың жаңбырлы күні аялдамаға келмей жатқаны туралы жазды.
Кейін Алматыдағы тағы бірнеше көшеде жол опырылып, көліктер шұңқырға түскені белгілі болды.